$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда жергілікті полиция 1 айда 18 мың заң бұзушылықты анықтаған

Маңғыстау облысында жыл басында құрылған жергілікті полиция қызметі 1 ай ішінде 18 мыңға жуық заңсыздықты әшкерелеген. Бұл жайында аталған ведомствоның басшысы Амангелді Халмұрадов журналистермен өткен кездесу барысында мәлімдеді.

Жергілікті полиция құрамына 1018 маман кіреді. Олар: учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілері, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар, қоршаған ортаны қорғау полициясы бөлімінің мамандары, әйелдердің құқығын қорғау бөлімінің қызметкерлері.

«1 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта барлығы 17 702 заң бұзушылық орын алды. Оның 13 613-і жол жүру ережесіне байланысты. Заңсыздыққа нөлдік төзімділік қағидасына сәйкес 4089 тұрғын жауапқа тартылды. «Автобус» жедел алдын алу шарасы аясында 2886 тәртіп бұзушылық анықталды, оның ішінде 271 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды» дейді Маңғыстау облысы бойынша жергілікті полиция қызметінің басшысы Амангелді Халмұрадов.

Жергілікті полиция қызметінің ерекшелігі сол, аталған ведомство Ішкі істер департаментіне емес, әкімшілік пен халыққа бағынады. Яғни жылына бір рет халық алдында, екі рет жергілікті билік өкілдерінің алдында есеп береді. Бұл өз кезегінде халықтың ішкі істер органдарына деген сенімділігін арттыруы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары