$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде ҰОС ардагерінің 91 жастағы жесірі аяусыз өлтірілген

Қанды оқиға 1 ақпан күні таңертең орын алған. Қылмыскерлер 91 жастағы тыл ардагері, ҰОС мүгедегінің жесірін 8 наурыз көшесіндегі 5 қабатты үйлердің бірінде аяусыз өлтірген деп жазады "Ақтөбе Таймс".

Осы үйдің басқа қабатында тұратын марқұмның немересі болған жайтты баяндап берді.

"Біз әжемізге күн сайын таңертең және кешкісін телефон арқылы хабарласып отырамыз. Жексенбі күні кешке хабарласқанымда ол көңілді болды. Ал, дүйсенбі күні тұтқаны мүлдем көтерген жоқ. Біз алдымен жаман ойлағанымыз жоқ, әжем жаттығуларын жасап, жуынып жатқан шығар дедім. Кейінірек тағы хабарласқанымызда да жауап бермеді. Дереу пәтеріне барғанымызда жантүршігерлік көрініске тап болдық. Полицияға хабар бердік. Зейнеткер, қарт кісіні дәл осылай өлтіру кімнің ойына келгенін көз алдыма елестете де алмаймын. Әжемді үтікпен күдіріп, әбден ұрып-соққан. Қабырғалары сынып, денесі көгеріп қалыпты" дейді ол.

Немеренің айтуынша, зейнеткер бөтен адамға есікті әдетте ашпаған, әсіресе ер адам болса. 

"Соған қарағанда, үйге әйел адам кірген алдымен. Оқиға таңертең ерте болған. Дастархан үстінде шайы ішілмей, жұмыртқасы мен туралған наны сол күйі тұр. Өзі әзірлеп, алайда, жеп үлгермепті" деп еске алады марқұмның немересі.

Қылмыскерлердің бар алғаны әжейдің алтын алқасы мен күміс жүзігі және 2-3 мың теңге көлеміндегі ақша.

Осы оқиғадан кейін ақтөбелік полицейлер күдіктінің ізін суытпай ұстады. Ол бұрын сотталған 49 жастағы жергілікті тұрғын екен. Өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазір қамауға алынып, тегеу жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары