$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында жас келіншек перзентханада көз жұмды

Оған дәрігерлер кінәлі, дейді марқұмның туыстары.

Қызылорда облысы Жосалы кентінде жап-жас келіншек перзентханада көз жұмды. Оған дәрігерлер кінәлі дейді марқұмның туыстары. Сондықтан   босану үйіндегі акушер гинекологтардың  жұмыстан кетуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Айтуларынша,  бұған дейін де перзентханада  түсініксіз жағдайлар   болған. Ақ халаттылардың ісіне салғырттығы салдарынан талай ана баласынан, бала анасынан айрылды дейді. 

Марқұм Жадырасын Аманжолова  айы-күні жетіп, толғақ қысқан соң перзентханаға жеткізілген. Бауырларының айтуынша, босану процесі өте ауыр болыпты. Оның үстіне дәрігерлер шұғыл әрекет жасамады деп отыр. Ауыр босанудан кейін келіншек көп қан жоғалтқан. Ота жасалған, жатырын алып тастаған.  6 күн ес-түссіз жатып, Жадырасын, сол күйі оянбастан көз жұмған. Артында үш баласы қалды.

"Бұл кісілердің айтуынша Жадыра өзі кінәлі, операцияға келіспеген. Жамбаспен келіп тұрғанын біліп тұрып, операция жасау жөн еді негізі. Ал бұл кісілер жоққа шығарып отыр. Ақиқатына жетіп әрі қарай ізденгіміз келеді. Бізге түнде 3-те жүріп кетті деді. Ал, бізге берген қағазында сағат 1:30 деп тұр", - дейді марқұмның туысы Құралай Аманжолова.

Қаралы отбасы Жадырасынның жұмбақ өліміне дәрігерлердің жауап беруін талап етіп отыр. Көкейдегі  күдік сейілер емес. Себебі бұл  перзентханаға қатысты  жұрт арасында теріс пікір көп дейді.  

Ал Айым Сырымбетованың екі келіні бірдей бес айлығында түсік тастаған. Айтуынша, перзентханаға іші  ауырып,шағымданып  келсе де дәрігерлер оларды жөнді қарамай, қайтарып жіберген. "Дәрігердің ота кезіндегі қателігінен  үлкен келінім ана болу бақытынан айырылды" дейді.

"Негізі терең кесіп жіберген, бұл кісінің де жатырын алып тұр. Бұл кісі қансырап өлім аузынан қалды. 4-5 күн реанимацияда жатты. Балаға қарамаған, бала гематома. Осы кезге дейін әлі бір балалар дәрігері де,  ешкім келіп тексерген де жоқ. Нысанбаев Бақытжаннан бастап бәрі қаралсын", - дейді Айым Сырымбетова.

Дегенмен, марқұмның туыстары   заң орындарына шағымданбақшы.  Сонда ғана  перзентханадағы келеңсіздіктерге балта шабылады дейді.  Алайда  шаранасынан тумай жатып,  айрылған ана мен анасыз қалған   жетімдердің   қайғысы онымен де жеңілдемейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары