$ 494.87  520.65  4.91

Британдық сыртқы барлау қызметінің қатары жаңа 1 мың маманмен толығады

Ұлыбритаияның MI6 сыртқы барлау қызметі барлаушылардың қатарын тағы 1000 адаммен толықтырмақ. Жаңа қызметкерлердің барлығы әлемдік терроризммен күресуге жұмылдырылады деп жазады Times газеті.

MI6 қатарын кеңейту 2015 жылғы үкіметтің жоспары бойынша жүзеге асады. Аталған құжатта британдық арнайы жасақ қызметкерлерінің қатарын 15 пайызға немесе 1900 адамға арттыру көзделген. Арнайы жасақтар қатарына MI6-дан бөлек MI5 және СІМ жанындағы Үкіметтік байланыс басқармасы кіреді.

Басылымның мәліметінше, 2020 жылдың басында Ұлыбританияның сыртқы барлаушыларының саны 2,5 мыңнан 3,5 мың адамға дейін жететін болады.

Британ үкіметінің мұндай қадамға баруына кибертерроризмнің дамуы себеп болып отыр. Сондай-ақ, қауіпті анықтауға қажетті сандық мәліметтердің тым көп болуына байланысты да штаттық бірлік саны артады. Жаңа қызметкерлер интернет қолданушылары, ноутбук пен ұялы телефон қолданушылары қалдыратын "сандық іздерді" анықтаумен айналысады.

MI6 басшысы Алекс Янгердің айтуынша, сандық әлемнің тез дамуы мемлекеттердің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Кибершабуылдардың салдарынан қаншам құпия құжаттар, банктер қазірдің өзінде тонала бастаған. Бұл жағдайлар қауіпсіздік қызметтерінің жұмысын түбегейлі өзгертуге алып келді дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары