Қоғам 22.09.2016 сағат 02:53

Ақтөбеде 6 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды

Ақтөбеде 6 жасар қыз зорланды деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Оқиға 15 қыркүйекте орын алғанымен, енді ғана белгілі болып отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жәбірленген сәбиді қорадан ағасы тауып алған. Көп ұзамай күдікті де ұсталыпты. Ол үйдегі өгей әкенің інісі болып шықты.

Дереккөздің хабарлауынша, 30 жастағы күдікті бұл үйге қонаққа келген. Сол күні кешке 10 жасар ойын баласы аулада жүріп, қорада жылап жатқан қарындасын тауып алыпты. Болған жайтты ата-ана естігенде күдіктіні дереу полицияға ұстап берген екен.

Сот-медициналық сараптама азғынның кішкентай қызға әбден зәбір көрсеткенін анықтады. Жәбірленген сәби жарақат деңгейіне байланысты ауруханаға жатқызылмаған. Дегенмен, оған психологтың көмегі көрсетіліп жатыр.

Естеріңізге салайық, дәл осыған ұқсас жағдай бір айдай уақыт бұрын Ақтау қаласында орын алған еді. Ол кезде педофил дүкенде әжесінің жанында ойнап жүрген қызды ұрлап шығып, қала шетіне апарып зорлаған болатын. 6 жасар қыз әліге дейін аса ауыр халде ауруханада жатыр. Ал, полицейлер араға бірнеше күн салып күдіктіні қолға түсіргендерін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар