$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 6 қыз тапқан әйелді күйеуі «ұл тумадың» деп үйден қуып жіберген

Жуырда ғана 6-шы қызын босанған көпбалалы ананы күйеуі далаға қуып шықты. Себеп - әйелдің ұл босанбауында. Қазір ол алты қызымен танысының бір бөлмелі үйінде тұрып жатыр деп жазады КТК.

Әлия Қайназарованың үлкені 8 жаста болса, кенжесі 6 айдан енді асқан. Далада қалған әйелді перзентханада танысқан құрбысы үйіне кіргізіп алыпты. Оның да алты баласы бар. Бір бөлмеге тығылған 12 бала мен екі ананың басқа барар жерлері жоқ. Жататын жері де, тамақтанатын орны да осы бір бөлме.

Әлияның өзі болса соңғы рет осыдан 5 күн бұрын күйеуінен зәбір көргенін айтып отыр. Ұл таппағаны үшін оны тепкілеп, далаға қуып шығыпты. Балалары да әкеден әбден қорқып қалған.

30 жастағы келіншек күйеуімен қосылғалы пәтер жалдап тұрып келген екен. Пәтер қожайыны ақша төлемедіңдер деп, балалардың құжаты мен киімдерін алып қалыпты. Мектеп жасындағы екі қызы бір аптадан бері сабаққа бармай жүр. Полицейлерге хабар берсе, олар да бас бұрмапты.

Әлия Қайназарова биліктен тек өзгенің қолында қалған құжатты алып беріп, үйдің кезегіне қояды ма деп үміттенеді. Күйеуімен ажырасуға жүрексінетін келіншек құзырлы орындар теледидардан көріп қол ұшын бермесе, жәй арызға полиция пысқырмайды дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары