$ 498.34  519.72  4.85

Биыл Маңғыстау облысында 2 мыңнан астам әйел күйеуінен зәбір көрген

Биылғы жылдың басынан бері Маңғыстау облысында 2 мыңнан астам әйел күйеулерінен зәбір көргенін айтып, полицияға арызданған. Жәбірленгендердің бәріне құқықтық және психологиялық көмектер көрсетілді деп жазады Tumba.kz жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап. Олардың бірқатары дағдарыс орталықтарына жіберіліпті.

Әйеліне қол көтерген ер азаматтар ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылған. Ал, соққыға жығылып, айтарлықтай ауыр жарақат алған әйелдер саны биыл үшеуді құрап отыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр да үш әйел дәл осындай себеппен дәрігерлер көмегіне жүгінген екен.

Эльмира Хасанова, Маңғыстау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

- Мұндай жайттар бізде тым жиілеп кетті. Әсіресе, кеше ғана тұрмысқа шыққан жас келіндер көп шағымданады. Тіпті, отбасылық ұрыс бола қалса проблеманы полициямен шешуге тырысатындар көп. Бәлкім күйеулерін осылайша қорқытқысы келетін болар. Ал, полиция араласа бастаса араға ақсақалдар түсіп, жастарды жарастырып жатады. Олар ерлі-зайыптыларға ақыл-кеңесін айтып, үйдегі ыдыс-аяқ дауысын сыртқа шығармау керектігін түсіндіреді. Мұндай үлкендер бәрінің үйінде болса жақсы, болмаса заң аясында араласуға тура келеді.

Э.Хасанованың айтуынша, шынымен де көмекке мұқтаж әйелдер бар. Олар үшін арнайы дағдарыс орталықтары жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары