$ 446.49  475.38  4.79

Мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко қайтыс болды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко дүниеден озды деп хабарлады Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

"Осыдан бір сағаттай уақыт бұрын ауыр науқастан депутат Сергей Дьяченко қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймын", - деді Нығматулин Мәжіліс отырысының ашылуында. Халық қалаулылары әріптесін бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Сергей Дьяченко Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетіне мүше болған. Ол 1952 жылдың 18 қыркүйегінде Ақмола облысы Шортанды ауылында дүниеге келген.

1999 және 2005 жылдары өткен президент сайлауында Дьяченко Н.Назарбаевтың Алматыдағы сенімді өкілі болды. 1999 жылдан бері Парламент Мәжілісінің депутаты, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарда сайланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары