$ 444.14  477.05  4.85

Семейде туу көрсеткішінің төмендігінен перзентхана жабылып қалды

Семейде айналдырған 3 перзентхананың бірі жабылып қалды деп жазады КТК. Бұған демографиялық жағдайдың айтарлықтай нашарлауы себеп. Жыл басынан бері дүние есігін ашқан сәбидің саны 5 жарым мыңға жетпейді. Ал жабылған мекеме профилі перинаталдық орталық боп ауыстырылмақшы. Яғни жаппай емес, тек жүктілігі ауыр жүріп жатқан әйелдерді ғана қабылдамақ.

Басшылар кеңесе келе 1964 жылы салынған перезантхананы жабуға шешім шығарған. Сөйтіп, қаланы қақ бөлген Ертістің қос жағалауынан екі перезентхана қалдырған екен. Бірақ, бұл жағдайға жүкті әйелдер ашулы. Айтуларынша, қалаға жақын ауыл-аймақтағы ай- күні жеткен келіншектердің барлығы осында келетін көрінеді.

Алайда жергілікті үш перезентхана бірдей жұмысы істесе жататын орын көп, босанатын әйел жоқ. Қазір де кейбір бөлімшелер қаңырап тұр. Ал,бұл жағдай ғимаратты ұстап тұруға кеткен шығындарды ақтамайтыны белгілі.

Архат Дайырбеков, Семей қалалық перинаталдық орталықтың директоры:

- Екінші және үшінші перзентханалар жартылай бос тұрды. Оның бірінші себебі, қазіргі заман талабына сай босанған әйелдер 7 күн емес 3 күнде шығарылады. Тағы бір себеп қалада 2014- 2015 жылдары босану азайып кетті.

Осылайша, перинаталдық орталық боп өзгерген қаладағы ең көне перзентханада енді денсаулығында ақауы бар жүкті келіншектер мен науқас шақалақтар ғана қаралмақ. Қалған екі мекеме 190 орынға шақталған. Мамандар бұл да жеткілікті деп отыр. Себебі, қалада жыл басынан бері бар жоғы 5400 бала дүниеге келіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары