$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда Балаларға қатысты әділсот мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Қазақстандағы  Еуропалық Одақ Өкілдігінің және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) «Балаларға арналған әділсот және олардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту» атты бірлескен бағдарламасы шеңберінде Үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Кеңесте Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеа Қазақстандағы кәмелетке толмағандарған арналған әділсот жүйесі бойынша ЮНИСЕФ-пен бірлескен бағдарламаны жүзеге асырудағы бірқатар жетістіктерді атап өтті.

ҚР-дағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Юрий Оксамитный  Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігімен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды. Ол, сондай-ақ тұрақтылық бағдарламасын әзірлеу және оны кейін жергілікті билік органдарының құзырына тапсыру қажеттілігін жеткізді. 

Басқосу барысында жұмыс жоспарына сәйкес бағдарлама нәтижелері және оны жүзеге асырудың әрі қарайғы қадамдары ұсынылды. Іс-шараға халықаралық ЮНИСЕФ сарапшысы Урсина Вейдкухн қатысып, балаға мейірімді сот туралы сот органдарына арналған өзі дайындаған оқу құралымен таныстырды және Қазақстанның сынама жобаға қатысушы өңірлеріндегі құқық қорғау органдарында (полицияда) балаға мейірімді орта қалыптастыру бойынша алдағы қадамдар туралы баяндады. 

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бағдарламаны Қазақстанның өзге облыстарында сынама жоба аясында жүзеге асырудағы жетістіктері және тәжірибесі туралы әңгімелеп берді. Мысалы, «Мейірім» ҚҚ директоры Александр Муха Маңғыстау облысында қылмыс құрбандарына және куәгерлеріне айналған балаларға қолдау көрсету бойынша сынама бағдарлама жұмысы және оны әрі қарай жүзеге асыру қадамдары жайлы айтты. «Феникс» дамыту және бейімдеу орталығы» ҚҚ директоры Назигүл Ахметқалиева (Шығыс Қазақстан облысы) заңға қайшы әрекет жасаған балаларға арналған дивергенция бағдарламасын енгізудің және оны заңнамалық деңгейде бекітудің маңыздылығын тоқталды. Ал, «Сыр ұландары» ҚҚ директоры Сәуле Әбілдаева (Қызылорда облысы) Қызылорда қ. балама әділсот жүйесі бағдарламасының, сонымен бірге, қылмыс жасау қаупі жоғары балалар арасында заңға қайшы әрекеттер жасаудың алдын алу бағдарламасының жұмысымен бөлісті. 

Сондай-ақ, отырыс барысында қатысушыларға Норвегияға таныстыру сапары және Норвегияның табысты тәжірибесін Қазақстанда қылмыс құрбандарына және куәгерлеріне айналған балаларға қатысты әділсот жүйесін дамыту үдерісіне енгізу туралы тартымды баяндама ұсынылды. Айта кеткен жөн, бұл Норвегия тәжірибесі бойынша бірыңғай үлгідегі үйлерде баладан жауап алынады және бірқатар алғашқы медициналық, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қызметтер көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары