$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысының прокурорлары браконьерлікпен айналысқан

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік жағдайын теріс пайдаланды және заңсыз аңшылық жасады деген күдікпен Ақмола облысы прокуратурасының үш жауапты қызметкерін ұстады.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Лауазымды тұлғалар қолдарына мылтық алып, рұқсат етілмеген жерде аң аулаған. Яғни, олар браконьерлік жасады деп те айыпталуда.

Қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау және бекіту бойынша қажетті тергеу әрекеттерінің барлық кешені жүргізілуде. Ұстау жағдайлары жөніндегі егжей-тегжейлі ақпарат, сондай- ақ тергеп-тексерудің барысы БАҚ-тарда жарияланатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары