$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте 50 адамды алдап кеткен әйел сотталды

Шымкентте жергілікті тұрғындарды алдап, 130 миллион теңгесін қолды қылған алаяқ әйел 6 жарым жылға сотталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Ол жәбірленушілерді оңай жолмен пәтер алып беремін деп сан соқтырған екен.

34 жастағы әйелге алданып қалған тұрғындар саны 50-ге жуықтайды. Барлығы да алаяққа сеніп, еш қиындықсыз «Нұрсат» шағынауданынан мемлекеттік бағдарламамен үй алмақшы болған екен. Алайда, бұл ойлары жүзеге аспай қалған. Бәрінің ақшасын жина алған күдікті көп ұзамай ізін суытыпты.

Дегенмен, іске полиция араласып, күдікті әйелдің қылмысы толықтай дәлелденген.

Шымкент қалалық ІІБ мамандарының айтуынша, соңғы кезде қалада алаяқтық қылмысы жиілеп кеткен. Мәселен, 2016 жылдың 10 айында Шымкент ҚІІБ-да 3 мыңнан аса алаяқтық жайты тіркелген. Оның ішінде полицейлермен 443 қылмыс ашылыпты. 90-нан аса күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары