$ 448.89  477.93  4.76

«Еш әрекет жоқ»: Жылусыз қалған екібастұздықтар наразылыққа шықты (ВИДЕО)

Олар жергілікті билік өкілдеріне, полицейлерге мұң шақты.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қиын жағдайға тап болған тұрғындар лайықты деңгейде көмек көрсетілмей жатқанына шағым айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қыстың көзі қырауда жылудан айырылған шарасыз тұрғындар аптаға жуық уақыт өтсе де жағдайларына дұрыс көңіл бөлінбей жатқанына наразы. Аулаға жиналып, от жағып жылынуға мәжбүр. Олар жергілікті билік өкілдеріне, полицейлерге мұң шақты.

"Бізге моральдық шығын өтейтін біреу бар ма? Жылу беру біздің проблемамыз емес. Қызметтің ақысын төлеп отырмыз ғой, түсінесіздер ме? Мұны заңды жолмен шешу керек қой. 5 күн өтті, еш әрекет жоқ. Олардың үйлерді құр аралағанынан не пайда?" — дейді тұрғындар.

Олар құзырлы орындардың әрекетінен берекет болмай отырғанын сынға алды. Қақаған аязда бой жылытар пана таппай жүрген ағайын ахуалдарының елеусіз-ескерусіз қалғанын айтады.

"Бүкіл құбыр, су қатып қалды. Қалай өмір сүру керек? Құрығанда биодәретхана неге ұйымдастырмайды? 21 ғасырда өмір сүріп жатыр емеспіз бе?" — деп өкпе айтты тұрғындар.

TikTok-та жария болған тағы бір видеода тұрғындардың аулаға көптеп жиналғанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, қаланың 90 пайызында жылу жоқ.

Қала әкімін осы жерге шақырып, ашынған халық наразылық білдіріп жатыр. Үлкен адамдар амалын қылар, жас балалардың қол-аяқтары үсіп жатыр, дейді автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары