$ 443.35  475.54  4.82

«Ештеңеге қарамай бала туа беретін әйелдер керек» - Қазақстанның бас биі

Егер біз осы жерлерді ұрпақпен толтырмасақ, жау шапқанның көкесі сонда болады, дейді ол.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Белгілі ғалым, Қазақстанның бас биі болып сайланған Омар Жәлел ұлтшыл әйелдер керектігін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Ғалым "Бос жатқан жер шау шақыратынын" мысалға келтірген. Сөйтіп, Мәскеу, Стамбұл сияқты мегаполистерде 15-20 миллион халық тұратынын айтады.

"Егер біз осы жерлерді ұрпақпен толтырмасақ, жау шапқанның көкесі сонда болады. Ол үшін ұлтшыл әйелдер керек. Яғни ештеңеге қарамай бала туатын әйелдер. Түбінде сіз жеңесіз. Ең үлкен құрметке ие боласыздар" - дейді Омар Жәлел.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бала туу