$ 444.14  477.05  4.85

Қарағандыда екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп жазды еkaraganda.

Олардың барлығы әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға көмек қажет емес, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары