$ 443.44  480.51  4.88

Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті

Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Павлодар-Шарбақты» автожолының 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде «Фольксваген Гольф» көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, – деді департаментте. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары