$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында жанармай құю бекеті өртенді

Өрт салдарынан 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алды.

Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю станциясындағы өрт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, 2023 жылғы 14 желтоқсанда сағат 19:22-де ТЖД-нің кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында операторлық автожанармай құю станциясының және жалпы көлемі 30 текше метрді құрайтын жақын маңдағы цистерналардың жанғаны туралы хабарланған.

Шақыру орнына Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары, барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді.

Өрт сағат 20:15-те 80 ш.м. аумақта оқшауланып, сағат 21:41-де жойылды. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт орнына жақын орналасқан газ құю құю станциясына (30 м қашықтықта), минимаркетке (10 м) және тұрғын үй секторына (15 м) оттың тарауына және жанармай құю цистерналарының жарылуына жол берілмеді, - делінген хабарламада.

Өрт салдарынан 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, ол орта дәрежедегі термиялық күйік алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 8 техникасы, аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары