Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, төтенше жағдай жойылды.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащыбұлақ ауылы мен оған жақын орналасқан елдімекен тұрғындары жолды жауып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
5region сайтының дерегінше, Ащыбұлақ ауылының тұрғындары электр жарығы, су және газдың жоқтығынан жаппай наразылыққа шығуға мәжбүр болған.
Үйімізде тоңып жатырмыз, жарық, су, газ жоқ. Қалай күн көреміз!? – деді ауыл тұрғындарының бірі.
Жаппай наразылық орын алып жатқан жерге Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев келіп, басқа да уәкілетті органдардың өкілдері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сағат 23.00-де электр қуаты қалпына келтірілді.
2023 жылы 14 желтоқсан күні кешке Алматы облысы Ащыбұлақ ауылдық округі Көкқайнар ауылында электрмен жабдықтаудың апаттық ажырауы болды. Соның салдарынан 3500-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Жергілікті жерде жедел апаттық бригада жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын атқарды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, төтенше жағдай жойылды, – делінген хабарламада.