Оқиға орнына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те барды.
Шымкент қаласындағы фосфоршылар сарайының үшінші қабаты құлап, үйінді астынан бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің сөзінше, бала ғимарат ішіне видео түсіремін деп кірген болуы мүмкін.
Оқиға орнына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те барды.
Қайғылы хабар туралы ол өзінінің Instagram парақшасында жазды.
Өкінішке қарай, бүгін Фосфоршылар сарайында қайғылы оқиға болды. Бірнеше студент сарайға кірген. Алдын ала ақпарат бойынша, жігіттердің бірі екінші қабатқа көтерілген. Онда ішкі құрылымның бір бөлігі құлап, үйінді астында қалған. Арнайы техниканың көмегі және құтқарушылардың күшімен жас жігіттің денесі үйінді астынан шығарылды. Марқұмның отбасына көңіл айтамын, - дейді әкім.