Қазір осы оқиғаға байланысты әкімшілік іс қозғалған.
Астанада Тұран мен Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық жол полициясының мәліметінше, Ravon Nexia көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолда апатты жағдай туғызып, салдарынан «Голаз 5241110» (автобус) көлігінің жүргізушісі бейнебақылау камерасының тірегіне соқтығыып қалған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, – делінген хабарламада.
Ravon Nexia жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік іс қозғалған.