$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында 4 көлік соқтығысып, жедел жәрдем қызметкері көз жұмды

1964 жылғы медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Атырау облысында Доссор-Бейнеу бағытындағы жолда төрт көлік соқтығысып, салдарынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Доссор-Бейнеу тас жолының 74-шақырымы тұсында төрт автокөліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. 1995 жылғы жүргізуші Газель автокөлігімен жедел жәрдем бригадасының көлігіне соқтығысқан. Ал, 31 жастағы жүргізуші IVECO автокөлігімен Rolfo Sirio автокөлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жедел-жәрдем автокөлігіндегі 1964 жылғы медицина қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Газель автокөлігінің жүргізушісі бұған дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 2,3 бөлігімен, 590-бабының 5-бөлігімен, ал, жедел-жәрдем көлігінің 1997 жылғы 590-баптың 5-бөлігімен, 594-баптың 1-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары