Табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып, іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ.
Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында су басқан аймақта ер адамның денесі табылды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Тасқын су мәйіттерді де шайып кетіп, Құлсары қаласында мүрде табылды. Табылған мүрденің тасқын су кезінде жоғалып, іздестіріліп жатқан әкесі мен баласына қатысы жоқ. 2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы «Рамазан» дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Еске салсақ бұған дейін Құлсарыда су тасқыны кезінде әкесі мен баласы жоғалып кеткенін хабарлаған едік. Олар әлі іздестірілуде.