$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ жігіті алимент төлемеу үшін өзін «қайтыс болды» деп жариялаған

Борышкер TikTok желісінде борышкер күн сайын дерлік өзі туралы ақпараттарды жариялап отырған. 

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Алимент төлегісі келмеген Қарағанды облысының тұрғыны өзін «қайтыс болды» деп жариялауға шешім қабылдаған. Бұл туралы Қарағанды ​​облысының жеке сот орындаушысы Саяхат Ахметжанов  айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Борышкер алимент төлеуден қасақана жалтарып, қарыздың пайда болуына байланысты жүргізуші куәлігін тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдаған.

«Сот құрған чатта борышкер анасының атынан өзінің қайтыс болғаны туралы жаза бастаған. Әрине, біз өтінім жасап, борышкердің тірі және оның жағдайы жақсы екенін анықтап білдік (ақыл-есі дұрыстығы туралы өтінім жасадық). Сонымен қатар борышкер  TikTok желісінде күнделікті өзі туралы ақпараттарды жариялап келген», - деді сот орындаушысы.

Бір қызығы, тіпті сот отырысы болған күннің өзінде борышкер қалалық зираттардың бірінде, яғни, «№6 қабірде» жатқандығы туралы ақпаратты жариялаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары