$ 480.55  533.75  5.36

Сарыағашта жоғалған 3 жасар қыздың мәйіті табылды

Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.

Фото: Instagram\Гүлмира Абықай
Фото: Instagram\Гүлмира Абықай

Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«3 күн іздеген 3  жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті.  Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына. 

Мәлім болғандай, оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.

Еске салсақ, бұған дейін Сарыағаш ауданында үш жасар бүлдіршіннің табылмай жатқанын жазғанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 8

Серіктес жаңалықтары