$ 495.2  522.34  4.94

«Әділдік жоқ, шаршадым»: Атырауда сотталушы сот үкімін естіген кезде тамырын тіліп жіберген

Өз-өзіне қол салған ер адам бірнеше уақыт полиция қызметкерлерін қасына жуытпады.

Фото: azh.kz/kz
Фото: azh.kz/kz

31 мамыр күні таңертең Атырауда облыстық соттың залында 40 жастағы ер адам соттың ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша шығарған қаулысына келіспей, өзінің тамырын тіліп жіберіп, өзіне-өзі қол жұмсады, деп Skifnews.kz ақпарат порталы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Анықталғандай, бұл тұрғынның алғашқы жазасы емес. Ажырасу кезеңінде 36 жастағы әйелі ерін сотқа беріп, ҚР ҚК-нің 389-бабымен жазаланған. Осы бап бойынша жазаланушыға айыппұл, түзету жұмыстары немесе қамаққа алу жазасы көзделген.  

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі «АЖ» сауалдарына жауап бере алмады, «жұмыс күні ресми ақпарат беріледі» деп қысқа жауап қайырды. Пайымдауымызша, жаңа тағайындалған жазаға келіспеген ер адам өз-өзіне қол салды. 

«Шаршап кеттім, мені қайта-қайта қамай береді. Шыққаныма 1,5 ай болды. Тағы да екі айға жаппақшы. Әділдік жоқ, мен өзіме-өзім қол жұмсаймын. Басқа амалым қалмады», - деді ол. 

Өзіне өзі қол салған ер адам бірнеше уақыт полиция қызметкерлерін қасына жуытпады. Кейін облыстық ауруханаға жеткізіліп, ол жерден медициналық көмек көрсетілгеннен кейін тергеу изоляторына қамалды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары