$ 494.87  520.65  4.91

«Менің оны өлтіретін ниетім болмады»: ер адам көңілдесінің денесін 20 рет пышақтаған

Жылқышы жігіт пышақты үнемі өзімен бірге алып жүреді екен.

Жантүршігерлік оқиға Қостанайдағы балабақшалардың бірінің аумағында болды. Адам өлтіру әрекеті жөніндегі іс облыстың мамандандырылған қылмыстық сотында қарала бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, alau.kz-ке сілтеме жасап.  

Қылмыс кыркүйектің 17-інде жасалған. Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, Қостанайдың маңындағы Амангелді кентінің тұрғыны Әнуарбек Түребаев түс кезінде мас күйінде көңілдесімен қатынастарын шешпек болады. Осы мақсатпен «Радуга» атты жергілікті балабақшаға беттейді.  

«Қызғаныштан араларында туындаған кикілжің кезінде ер адам ашынасының бетінен жұдырықпен ұрып, бас, кеуде, мойын, іш, иық пен білек тұстарына отыз шақты рет пышақ сұқты. Онымен қоймай, кеудесін жұдырықпен ұрып қалды», - деді мемлекеттік айыптаушы Амангелді Рахметжанов.   

Жылқышы жігіт пышақты үнемі өзімен бірге алып жүреді екен. Себебі, оны мал союда қолданады. 

Көптеген жарақаттарға қарамастан, 32 жастағы әйел аман қалды. Оған дер кезінде көмек көрсетілді. 
Аталған қылмысқа қатысты Амангелді кентінің тұрғынына «адамды өлтірмек болды» деген айып тағылып отыр.  

Айыпталушы аталған баппен келіспейді. Көңілдесін өлтіргісі келмегендігін айтады. 

«Баппен келіспеймін, ал қалғанының барлығын мойындаймын. Оны өлтіретін ниетім болған жоқ», - дейді ол. 
Айта кетейік, айыпталушы мен жәбірленуші 11 жыл бірге тұрып келген. Олардың ортақ баласы да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көңілдес