$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

«Байға табынуды қойыңдаршы»: Танымал блогер қазақ әйелдеріне үндеу жасады (ВИДЕО)

Фото: Instagram/Мөлдір Анарбаева
Фото: Instagram/Мөлдір Анарбаева

Блогер Мөлдір Анарбаева әлеуметтік желіде әйелдер қауымына үндеу тастап, отбасылық қарым-қатынастағы кейбір теріс әрекеттерді сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол ер азаматты шектен тыс пір тұтып, барлық тірлігін істеп қолдан мүгедек жасаудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Басында асыра сілтеп, кейіннен «өзімді таңдадым» деп теріс айналу екі тарапқа да әділ емес, сондықтан шынайы реалист болу керек. Жеке өмірдегі сезімдерді, тіпті күйеуінің тырнағын алу сияқты ұсақ-түйек сәттерді жұртқа жариялап, кейін оның қателігі үшін көз жасын төгуден қашу қажет.

Блогер әсіресе мұндай әрекеттерді желіде көрсететін өнер адамдарының ісіне таңғалатынын айтты. 

Нұрланқызының пікірінше, күйеуге асыра табынбай, оған балаларды бірге өсіретін қарапайым өмірлік серік ретінде қарап, жеке өмірді көпшілікке жарияламай-ақ тыныш өмір сүрген жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0