$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37

«5 бала тудым, біреуінде күтінген жоқпын»: Роза Әлқожа енесінің көмектеспегені туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Фото: www.instagram.com/roza_alqozha
Фото: www.instagram.com/roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа жас босанған әйелге көрсетілетін күтім туралы сөз қозғап, кезінде өзіне енесі қарайласпағанын ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бес бала сүйсе де, босанғаннан кейін арнайы күтінбей, бірден үй шаруасына кірісіп кеткенін жеткізді. Оның айтуынша, енесі мұндай күтімді білмейтінін ашық ескерткен.

«Енем мен бала туған кезде "сені күте алмаймын, ондайды білмеймін. Мені күтпеген" деді. "Жақсы" дедім. Бес бала тудым, ешқайсында күтінген жоқпын. Шауып жұмыс істеп кете бердім», – деді әнші.

Алайда өнер иесі бұл жағдайды келініне қайталамауды ұйғарған. Ол келіні дүниеге сәби әкелгенде оны жатқызып қойып, үй шаруасының бәрін өзі атқарғанын айтты.

«Ал мен келініме олай істемеймін. Келінімді жатқызып қойып күттім. Өзім үй жинап, ыдыс жуып, тамақ істедім. Өйткені ол – менің ұрпағымның анасы», – деді ол.

Әнші жас анаға күтім жасауды кез келген адам үйрене алатынын айтып, «өзгерісті өзімнен бастадым» деп сөзін түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0