$ 498.34  519.72  4.85

Балабақша тәрбиешісі баланың қолын көгертіп, оны креативті жасыруға тырысқан

Ата-аналар тарапынан артық сұрақ қойылмас үшін оларға "осындай ойын ойнап жатырмыз" деп түсіндіреді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Балабақша тәрбиешісі бүлдіршінге күш көрсетіп, оны креативті жасыруға тырысқан. Ол қолдағы көгерген іздерге "зеленка" жаққан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы mk.ru сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Мәскеу орталығындағы оқу орталығында болған. 63 жастағы тәрбиеші топтағы бүлдіршіндерді жасыл бояумен бояп тастайды.

Сабақ кезінде 6 жастағы бүлдіршін әдепсіз әрекеттерімен тәрбиешіні ашуландырады. Мектеп жасына дейінгі бала топты айналып өтіп, айқайлайды. Әйел одан тынышталуын бірнеше рет сұрайды. Бірақ шыдамның шегіне жеткен ол баланың қолын жұлқылап, абайсызда көгертіп қояды.

Ол істеген ісіне өкініп, қорыққанынан балалардың қолдарын бояуға кіріскен. Ата-аналар тарапынан артық сұрақ қойылмас үшін оларға "осындай ойын ойнап жатырмыз" деп түсіндіреді. 

Алайда балалардың ата-анасы бояуды сүрту кезінде көгерген орындарды байқайды да, мән-жайды сұрастыруға кіріседі. 

Оқу мекемесі басшысының сөзіне қарағанда, баланың ата-анасы тату-тәтті қарым-қатынаста және олар баласының гиперактивті екенін білетіндіктен мұғалімнің үстінен арызданбауды жөн көрген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары