$ 442.05  474.14  4.74

Алматы-Қорғас тасжолындағы көлік апатынан үш адам көз жұмды

Салдарынан патрульдік көлікте болған екі полицей мен бірінші жүк көлегінің жүргізушісі көз жұмды

Алматы-Қорғас тасжолындағы көлік апатынан үш адам көз жұмды, оның екеуі полиция қызметкері. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазақАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Маржан Ордабайға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Алдын ала таратылған ақпаратқа қарағанда, Алматы-Қорғас тасжолында MAN маркалы жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келіп, жағдайды анықтай бастаған. Осы кезде тоқтап тұрған патрульдік машинаға жолдан өтіп бара жатқан тағы бір жүк көлігі соғылған. Салдарынан патрульдік көлікте болған екі полицей мен бірінші жүк көлегінің жүргізушісі көз жұмды» - деп жазды Маржан Ордабай желіде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары