$ 443.37  474.49  4.83

Жантүршігерлік апат: Самара-Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты

Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуынан 60 автокөлік жолда қалып қойды. Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты.
фото: ІІМ баспасөз қызметі
фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысты. Салдарынан 9 адам зардап шекті, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолының 859 шақырымында болды.

"11 автокөлік, соның ішінде екі жүк көлігі, сегіз жеңіл автокөлік және бір газель соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың бесеуі Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды", - дейді баспасөз қызметі.

Екінші жол апаты Әйтеке би ауданында болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуынан 60 автокөлік жолда қалып қойды. Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты.

ІІМ мәліметінше, облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Министрлік қар мен көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары