$ 441.58  480  4.86

Сүйіктісін отбасымен таныстырамын деп алып кеткен жігіт қызды жалдамалы пәтерде өлтіріп кетті

Қайғыдан қан жұтып отырған қыздың отбасы қылмыскер жауапкершіліктен жалтарып кетеме деп сезіктенеді.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Кездесіп жүрген қызын "Отбасыммен таныстырамын" деген желеумен сүйіктісін алып кеткен жігіт оны пәтерде өлтіріп кетті. Бұл оқиға Ақтөбеде болған. Ендігі кезекте ай мен күннің амандығында қыздарынан айырылып отырған 22 жастағы Әсем Эльбрусованың ата-анасы қылмыскерді қатаң жазалауды сұрап отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы,  "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір сот ісі басталған. Қайғыдан қан жұтып отырған қыздың отбасы қылмыскер жауапкершіліктен жалтарып кетеме деп сезіктенеді.
Марқұмның жақын туыстарының сөзіне сенсек, Әсемді жүріп жүрген жігіті рұқсат сұрап өзімен бірге алып кеткен. Ол қызды өз отбасымен таныстырмақ болған көрінеді. Десе де жалдамалы пәтерге апарып өлтірген.

Ал кінәсін мойындағына жігіт болса, мұндай жауыздыққа қызғаныштан барғанын айтып отыр.

"Қызымды отбасымен таныстырамын деген. Олар бір жылдан аса кездесіп жүрді. Қызымды пәтерге апарып аяусыз өлтірген", - дейді Әсемнің анасы Айгүл Бірімжанова. 

Адвокат Дина Смаилованың сөзіне сүйенсек, қылмысыт жасаған жігіт өзі жайлы көп ақпараттарды өтірік айтқан. Мәселене, кім болып істейтіні, жалақысы, отбасы туралы өтірік мәліметтерді жасырып, жалған сөйлеген. Тіпті, қызды алып кететін күні белгісіз себеппен жұмысынан да шығып қалыпты.

 Қазіргі таңда жігіт істеген кінәсін бірден мойындағандықтан оның жазасын өтеу мерзімі  жеңілдетілуі мүмкін. Мысалы 15 жылдың 7 жылына ғана сотталуы ықтимал.
 
 "Адам өлтіру" бабы бойынша іс жүруде.

Әсемннің ата-анасы  қыздарының зорланғанына сенімді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары