№2 Ақтөбе қалалық соты қомақты қаржыны қарақшылықпен иемденіп, ақша тонағандарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы,Timeskz.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға былай болған. Ақтөбеге Хромтау ауданы, Акраб ауылынан екі ер адам келген. Олар 32, 40 жастағы адамдар. Тұрақты жұмысы болмаған олар жылдам әрі тез ақша тауып, байып кетуді көздеп, жоспарлы түрде қылмыстық жолмен ақша табуға бел байлайды. Енді оларды тонау ісі бойынша айыпталып отыр.
Мемлекеттік айыптаушы мен сотта жәбірленушілердің айтуынша, 2019 жылдың 22 шілдесінде таңғы сағат 7-де арақ компаниясының бас директорының ағасы үйден шығып, кеңсеге 15,5 миллион теңгені апарып, оны сейфке салуы керектігін білген.
Жәбірленушінің жеті жасар баласы қалаға баруы үшін әкесімен бірге көлікке мінген. Сол кезде әкесі сөмкесін баласы отырған көліктің артқы жағындағы орындыққа қоя салады. Дәл осы сәтте беттеріне бетперде, қолдарына қолғап киген екі жігіт келіп, отбасы мүшелеріне тап береді. Олардың біреуі қолындағы тапаншаны әкесіне тақап, артқа ұлының қасына отыруды бұйырады. Ұлына қауіп төнгенінен қорыққан әкесі оның бұйрығына амал жоқ бағынады. Содан кейін тонаушылар оның қолын байлап тастайды.
Қорыққан ұлы жылап, әкесінен " олар бізді өлтірмейме?" деп сұрайды. Баланың мазасыздана бастағанын байқаған қарақшылардың біреуі оған тыныш отыруды бұйырып, тіл алмаған жағдайда тірі қалдырмайтынын айтып қорқытады.
Әкесі осы жағдайда баласы айқайламас үшін оны "Қорықпа, бұл ойын!" деп алдарқатады.
Қылмыскерлер автокөлікке мініп, ауылдан шығып, өз көліктеріне тоқтап, ауылдың артында тұрған өз көліктерінің нөмірлерін есте сақтамау үшін жәбірленушінің басын футболкамен жауып тұрады. Олар жәбірленушінің қолынан ақша толы сөмкені және тоналушының ұялы телефонын алып тайып тұрады.
Қомақты ақшаны қарақшылық жолмен алып кетіп бара жатқан қылмыскерлер "Егер полицияға хабарласаң, сенің және отбасыңның қайда тұратынын білеміз!", - деп қорқытып кетеді.
Бір оңтайлы болғаны, бала әкесі екеуі қарақшыларға тап болғанда өз телефонын тығып үлгерген екен. Қылмыскерлер кетіп қалғанда бала әкесінің байлаулы қолын шешіп, бірінші кезекте әпкесіне хабарласады. Әпкесі арақ компаниясының бас директоры. Ол жағдайды білгенде дереу полицияға хабарласқан.
Сот отырысы барысында айыпталушылардың бірі тонау ісіне жәбірленушінің өзін кінәлап, "біз онымен келіскенбіз" деп, алдын ала ауызжаласқандарын айтып, сотты сөзіне сендіруге тырысты.
Тонау оқиғасынан кейін қылмыскерлер бір аптадан аса уақыт жасырынған. Осы уақыт бойы олар тонаған ақшаны жаратып, қарыздарына беріп, "қанаттарын кең жая" бастапты. Полицейлер оларды ұстағанда ұрланған ақшаның тек 4 миллионын ғана тапқан.
Сот нәтижесінде, қаскөйлердің екеуі де кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, тонаушылар жәбірленушіге жаратып жіберген 11 миллион ақшаны қайтаруы керек.