$ 444.32  473.33  4.76

«Жығылғанға – жұдырық»: Австралияға енді тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауып жатыр

Ұзаққа созылған қуаңшылық кесірінен ел аумағында алапат өрт болып, жақында ғана мыңдаған гектар орман күлге айналған еді.

Табиғи апаттың салдарынан үйлер мен көліктер зақымданған. Бұған дейін синоптиктер Канберрада қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, соңғы кездері Австралия құрлығы ауа райынан қатты зардап шегіп келеді. Ұзаққа созылған қуаңшылық кесірінен ел аумағында алапат өрт болып, жақында ғана мыңдаған гектар орман күлге айналған еді. Миллиардқа жуық жан-жануар қырылып, 30-ға жуық адам да көз жұмды.

Енді міне, сол дер кезінде жаумаған бұршақ анау-мынау емес, тауықтың жұмыртқасындай болып түсіп, елдегі апатты еселеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары