Сарыағаш аудандық ауруханасынан Сарыағаш ПБ кезекші бөлімінің “102” пультіне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сағат 11:00 шамасында Жетісай-Жібек жолы тас жолында “Газ-53” маркалы су тасушы көлігінің жүргізушісі 2002 жылы туған жас қызды қағып кеткені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алып, Сарыағаш аудандық ауруханасының реанимациялық бөліміне түсіп, алған жарақат салдарынан көз жұмды. Сот-наркологиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, аталған автокөліктің жүргізушісі ішімдік ішпеген.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы “Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады.