$ 498.34  519.72  4.85

Оңтүстік Корея клиникасында қайтыс болған әйелдің отбасы қазақстандықтардан көмек сұрайды

Заңгерлер бұл мәселені шешудің басқа жолдары бар екенін айтады.

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған алматылық әйелдің отбасы қазақстандықтардан көмек сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Astanatv.kz хабарлағандай, Вячеслав Тарабрин бір аптадан астам уақыттан бері әйелін жерлей алмай жүр. Ирина Ким Оңтүстік Корея клиникасында қайтыс болған. Бірақ шетелдік дәрігерлер әйелдің денесін қайтармай жатыр. Отбасы оны емдеу үшін 46 мың доллар қарызға батқан. Осы қарыз өтелмейінше, олар марқұмның денесін бермейді екен. Оның туыстары Сыртқы істер министрлігінен көмек сұрады. Бірақ дипломаттар тек жеңілдік туралы келісуге уәде берді. Ер азамат қазірдің өзінде 10 мың доллар жиналғанын айтты.

"Бірақ бізге әлі ақша керек. Кремация шығындары да бар. Себебі бұл вирустың салдарынан денені сыртқа шығаруға болмайды. Бүгін 9 күн болды өмірден озғанына, жерлеу керек еді. Бізге ешқандай уақыт бермей отыр, біз ақша жиналған соң бір нәрсесі болады деп үміттенеміз", - дейді Вячеслав Тарабрин.

Заңгерлер бұл мәселені шешудің басқа жолдары бар екенін айтады.

"Консулдық азаматтар бұл соманы төлейтініне кепілдік беріп, қолхат ұсынса немесе олар өз қаражаттарынан осы емхананың кейбір шығындарын өтеп берсе", - дейді адвокат Руслан Қожахмет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары