$ 443.85  474.3  4.8

«Мамбетизм»: қазақстандық блогер трибунаны басына көтеріп, әлемге танымал спортшыны қазақша боқтады

Осы "ерлігін" видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық блогер, Instagram жұлдызы Дубайда өткен теннис турнирінде трибунаны басына көтеріп, әлемге танымал спортшыларды балағаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, currenttime.tv арнасына сілтеме жасап.

Ол әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичті және француз Гаэль Монфисті балағаттаған. Онымен қоймай, ерсі әрекеті үшін желіде мақтанған. Теннис додасына көрермен ретінде қатысқан ол, осы "ерлігін" видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған. Онда ойыншыларды балағаттағаны естіледі. 

"Ребятки, сорри за этот мамбетизм. Записывай. Такого никто не сделают, я вам гарантирую. Зацените. "Новак қара  қ.... ***бас. Алға!", - деп қазақша балағаттаған.

Ереже бойынша көрермендерге ойыншыларға кедергі келтіретін әрекеттер жасауға тыйым салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары