$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда боди-массаж қызметін ұсынған қыздар құрықталды

Ұсталған қыздардың тіркеуде тұрған не тұрмағаны тексерілді
Фото: asianstur.ru
Фото: asianstur.ru

Нұр-Сұлтан полициясы рейдтік шаралар барысында интим қызмет көрсеткен, сондай-ақ боди-массаж қызметін ұсынған 26 қызды ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Қаладағы коттедждердің бірінде массаж салонынан (боди-массаж қызметін көрсеткен) 26 қыз ұсталды. 20-29 жастағы қыздар басқа қалалардан келген. Ұсталған қыздардың тіркеуде тұрған не тұрмағаны тексерілді", - делінген елордалық ПД өкілдері. 

Қазіргі уақытта үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 450-бабы ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну") әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

"Сондай-ақ, коттеджді тексеру барысында, полицейлер есірткі заттарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары