Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 1 наурыз күні еліміздің бірнеше қаласында өткен митингке шыққан азаматтар жайлы айтты, деп жазады Азаттық рухы.
«Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, кеше біраз азамат экстремистік ұйымдар үшін рұқсат етілмеген орындарда митинг ұйымдастырмақ болды. Полиция қоғамдық тәртіпті ретке келтіру үшін шара қабылдады. 80-ге жуық адам полиция бөліміне жеткізілді. Әңгімелесуден кейін барлығы жіберілді», - деді Е.Тұрғымбаев.
Ұсталғандардың біреуіне айыппұл салынып, үшеуі әкімшілік қамауға алынған. Оның екеуі полицияға қарсылық көрсеткені үшін, біреуі митинг ұйымдастырғаны үшін қамалыпты.