$ 494.87  520.65  4.91

Үштөбеде мұғалім коронавирус туралы жалған ақпарат таратқанын мойындады

Тергеу жүріп жатыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

 Көлік полициясы 48 жастағы Үштөбе қаласы тұрғынының көрінеу жалған ақпарат таратқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қалалық көлік прокуратурасының кезекші прокуроры әлеуметтік желіге мониторинг жасау барысында Үштөбе стансысында коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікпен екі азаматты пойыздан түсіріп тастау туралы жалған ақпарат таратылғанын хабарлады.

Таралған аудиотаспада белгісіз әйел Үштөбе стансысында коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен екі азаматтың пойыздан түсірілгенін айтқан. Аталған хабарлама Үштөбе стансасында Желілік полиция бөлімі Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 274-бабы 2-тармағы 4-бөлігі бойынша (Көрінеу жалған ақпарат тарату) тіркелді.

30 наурызда жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы Үштөбе тұрғыны ұсталды, ол қаладағы орта мектептердің біріндегі мұғалім болған. Әйел тергеу кезінде өзінің әрекетін мойындап, Whatsapp мессенджерінде көрінеу жалған ақпарат таратқанын растады. Тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары