$ 494.87  520.65  4.91

«Хайп үшін»: Алматыдағы тас жолдардың бірінде «кәуап пісіргендер» ұсталды

Видеоның шығыс айналма жолында түсірілгені белгілі болды.

Алматы полициясы бір топ ер адамның тасжол бойында от жағып, "кәуап пісіргенін" видеоға түсірген 22 жастағы жігітті 15 тәулікке қамауға алды. Анықталғандай, алматылық қойылым видео түсірген, ал көмектескендер оның достары болып шықты.

Polisia.kz порталы хабарлағандай, полиция видеоны интернетке шолу жасаған кезде байқаған.

Видеоның шығыс айналма жолында түсірілгені белгілі болды. Одан бір топ ер адамның тасжол бойында от жаққаны анық көрінеді. Ал ролик авторы олардың кәуап пісіріп жатқанын айтады. Алайда видеоны түсірген адамның полицияға шағым жасамағаны күдік туғызған.

Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізген кезде видеоның қойылым екенін, автордың ол жағдайға қатысы бар екенін анықтады.

"Ол от жаққан ер адамдардың досы, ал түсірілім хайп үшін жасалған",- деді Алматы полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары НұрланАлмасбеков.

Полиция бұл қойылымды ұйымдастырған 1997 жылы туған Б. деген азамат екенін айтты. Ол кәуап пісіруге еліктегенін айтып, кінәсін бірден мойындады.

"Қазақстан мен Алматы тұрғындары алдында істеген ісіме өкінетінімді хабарлаймын. Болашақта осындай қиын кезеңде қалжыңдауға болмайтынын түсіндім. Шын жүректен кешірім сұраймын", - деді алматылық.

Кешірім сұрағанына қарамастан, кінәлі бірден үш құқықбұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, төтенше жағдай ережелерін бұзу және көлікті рұқсат етілмеген жерге қою.

Іс материалдары сотқа жолданып, сот шешімімен алматылық 15 тәулікке қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары