$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтан: ботаникалық бақтағы жасанды су қоймасына аққулар қонды (ВИДЕО)

Кадрлардан құстардың қос-қостан жүзіп жүргенін көруге болады.

Нұр-Сұлтандағы жасанды су қоймасына аққулар қонды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тұрғындар Нұр-Сұлтандағы ботаникалық бақтағы су айдынында жүрген аққулардың видеосын жіберді.

Кадрлардан құстардың қос-қостан жүзіп жүргенін көруге болады.

Елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Әбдіманап Жұмаділдаевтың айтуынша, көктемде екі жұп аққу үнемі Талдыкөлге ұшып келеді.

"Жыл сайын Талдыкөлге төрт аққу ұшып келеді. Жазда келеді, күзде қайтадан ұшып кетеді. Осы жылы олар Ботаникалық бақтағы жасанды су қоймасында біраз уақыт өмір сүргісі келген шығар. Бірақ онда жұмыртқаламау керек, өйткені оған жағдай жасалмаған, қамыс жоқ. Шамамен 15 күннен кейін Талдыкөлге барып көбейетін шығар", - деді Әбдіманап Жұмаділдаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары