$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында джиптің жүксалғышына жасырынған 35 жастағы азамат ұсталды

Бұған дейін мұндай екі жайт Бұқар жырау ауданына қарасты Мұстафин ауылындағы блокпостта болған еді.

Қарағанды облысында автокөліктің жүксалғышына жасырынып, блокпосттан өтпек болған тағы бір азамат қолға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөзі таратқан ақпаратқа қарағанда, 26 сәуір күні Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық ПБ Топар полиция бөлімінің қызметкерлері «Оңтүстік» карантин блокпостында Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Toyota Land Cruiser» көлігін тоқтатқан.

Көлік жүргізушісі посттан кедергісіз өтуге тырысқан. Автомобильді тексеру барысында жүксалғышта жасырынып, блокпосттан заңсыз өтпек болған 35 жастағы азамат ұсталды.

Карантин режимін бұзған екі азаматтың да үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді.

Айта кетерлігі, бір апта ішінде Қарағанды облысындағы блокпосттар арқылы адамды заңсыз алып өтуге тырысқан үшінші дерек тіркеліп отыр. Бұған дейін мұндай екі жайт Бұқар жырау ауданына қарасты Мұстафин ауылындағы блокпостта болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары