$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан 3 азамат көз жұмды

«Қазіргі таңда 3 адам қайтыс болып, тағы 3 адам ауруханада жатыр. Сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отырмыз», - деп хабарлады Полиция департаменті.

Көкшетау қаласындағы уақытша ұстау мекемесінде әкімшілік жазасын өтеп жатқан 3 адам көз жұмды. Жергілікті Kokshetau.asia басылымның мәліметінше, мекемеден уланудың белгілері бар 6 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды baq.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 28 мамырға қараған түні әкімшілік жазасын өтеп, бір камерада жатқан 6 көкшетаулық азамат ауруханаға жеткізілген. Олардың бесеуі жол ережесін бұзғаны үшін, біреуі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған.

«Қазіргі таңда 3 адам қайтыс болып, тағы 3 адам ауруханада жатыр. Сот-медициналық сараптама қорытындысын күтіп отырмыз», - деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу» бабы бойынша қозғалған.

Ақпарат құралының жазуынша, «таңертең барлығының сіңірі тартылып, қатты уланудың белгілері болған». Алғаш болып 41 және 32 жастағы азамат қайтыс болған. Үшінші адам 35 жаста болған.

«Жансақтау бөлімінде екі адам жатыр. Жағдайлары ауыр. Қажетті ем-дом жасалып жатыр. Барлығының белгілері бір-бірінікіне ұқсас. Неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама көрсетеді», - дейді Көкшетау қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ермек Қисаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары