$ 494.87  520.65  4.91

Рудныйда зорлық-зомбылықпен өлтірілген ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

Оқиға орнына жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, марқұмдардың зорлық-зомбылықпен өлтірілгендігі анықталды.
фото: Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі
фото: Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі

Арнайы тергеу-жедел тобы Рудный қаласындағы екі адамның өліміне байланысты қылмыстық істі ашуға жұмылдырылды. Әзірге, қылмыскердің ізіне түсу мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 18 тамызда сағат 11.48-де Рудный қаласының учаскелік полициясының "102" пультіне түскен хабарлама бойынша тексеруге барған жедел топ жеке үйден 53 жастағы ер адам мен оның 43 жастағы әйелін өлі тапты. Оқиға орнына жүргізілген сараптама нәтижесіне сәйкес, марқұмдардың зорлық-зомбылықпен өлтірілгендігі анықталды.

"Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта осы қылмысты ашумен айналысатын арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде", - деді аймақтық ПД басшысы Нығмет Ысмағұлов.

Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары