$ 498.34  519.72  4.85

Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап, көз жұмды

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Оралда бес жасар бала тоғызыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиғаның Д.Қонаев шағынауданында 9-қабатты үйде болғаны жөнінде бүгін сағат 13.20-да ақпарат түскен.

Тоғызыншы қабаттағы терезеден құлап кеткен 2015 жылғы бала сол жерде жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала ата-анасының қарауынсыз қалған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі баланың құдыққа құлап, қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары