Аустралияда педофил-ұстаз ауыр семіздіктің түріне шалдыққандықтан түрмеден құтылды, деп хабарлайды КТК арнасы.
61 жастағы Питер Джон О'Нил Канберрадағы үйінде сот үкімін күтіп отыр. Ол мүгедектер арбасына таңылып, өздігінен қозғала алмайтындықтан бір жаққа баруға жарамсыз деп танылған. Үкім шығарушы бас судья Алан Блоу айыпталушыны үйқамаққа алу туралы шешім шығарудан бас тартқан. Себебі педофил өз үйінен аттап, басқа жаққа баратын хәлде емес көрінеді.
О'Нил айыптаудың жеті тармағы бойынша жасаған қылмысын мойындапты. Соттың қорытынды үкімі 25 тамыз күні жарияланады. Алайда желіде бұрынғы студенттер қылмыскер-оқытушы міндетті түрде түрмеге жабылуы тиіс екенін жарыса жазуда.
"Ол сұмырай қанша жерден ауру болса да, ақырғы күнінен дейін түрмеде отыруы керек", "Оның орнына ешкім де отыра алмайды" деп жазыпты студенттер.
О'Нилдің қорғаушысы оны бір жаққа алып баруға арналған ұшақ жалдау 25-40 мың долларға айналатынын мәлім етіпті. Осылайша 61 жастағы ер азамат не түрмеге отыра алмайды, ақшасы жоқ болғандықтан айыппұл төлей алмайды, денсаулығына байланысты қоғамдық түзету жұмыстарына да қатыса алмайды.
"Мұндай адамдар үнемі осылай сытылып кетеді. Ол түрмеге жабылып, онда тыныш қана өліп кетуге лайық емес", - дейді айыпталушы ұстаздық еткен Доминик-колледждің 1989 жылғы түлегі Рэйчел Гревич.