$ 448.89  477.93  4.76

Семейдегі Абай театрынан өрт шықты

Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Семейдегі Абай театрынан өрт шықты. Бұл туралы Baq.kz, Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

ТЖ басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мәдениет ордасындағы өрт 19 тамыз күні сағат 9.00 шамасында шыққан.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.

"Жалын қабаттар арасындағы терезе ойығын шарпыды. Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған. Қазіргі уақытта келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Тілсіз жау сағат 09: 36-да сөндірілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұл дәнекерлеу жұмыстары барысындағы өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауынан шыққан екінші өрт оқиғасы.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Семей #Абай #өрт