$ 444.22  476.38  4.82

Ер адам мектепте 4 оқушыны пышақтап кетті

Оқиға 7 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:00-дер шамасында болған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Қытайлық Chinanews ақпарат құралдарының хабарлауынша, 7 қыркүйек күні Қытайдың Хунань провинциясы, Чжанцзяцзе қаласы, Санджи округінде бір адам Санджи No11 мектебінің жанында пышақпен төрт оқушыны жарақаттады, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті полицияның хабарламасына сәйкес, оқиға 7 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:00-дер шамасында болған. Баукеспе Санджи No11 мектебінен 60 метрдей жерде пышақпен 4 оқушыны жарақаттады. Полиция оны қанды оқиға болған ұстады. Қазіргі уақытта жарақат алған оқушы емдеу ауруханаға жатқызылды.

Полиция істің нақты мән-жайы бойынша қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары