Атырау облысында сұмдық жол апаты орын алып, 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.
"Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар
- барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп жазды министр.